USD
USD
USD

Ұлыбритания СІМ басшысы Дэвид Кэмерон пранкерлердің құрбаны болды

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі ведомство басшысы Дэвид Кэмерон Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенконың кейпіне енген пранкерлердің құрбаны болғанын хабарлады. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

давид
Фото: gov.uk

Астана, NEGE. ВВС таратқан мәліметтерге сүйенсек, қос тараптың сұхбаттасуы бейнебайланыс арқылы өткен. Бірақ ұзаққа созылмады. Пранкерлер мәтіндік хабарламалар арқылы қоңырау шалуды ұсынған.

Кэмерон видеода Порошенкоға ұқсайтын адам болғанын айтады. Кейін ол алаяқтармен байланысқа шыққанын түсінген. Себебі, қоңырау шалушы одан басқа адамдардың байланыс мәліметтерін сұраған.

Бұл оқиғаның орын алғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Кэмеронға кім қоңырау шала алатынын, олар не туралы сөйлескенін және алаяқтар министрлік өкілдерімен қалай байланыс орната алғаны әзірге белгісіз.

Британдық сыртқы саясат департаменті бұл оқиға туралы көпшілік алдында айтуға шешім қабылдаған. Себебі түсінікті. Сыртқы істер министрінің бейнесі мен дауысы басқа мақсатта пайдаланылуы мүмкін. Сондай-ақ, тұрғындарға сақтық шарасы ретінде де ескерту жөн деп тапқан.

«Сыртқы істер министрі өз қателігіне өкінеді. Біз жалған ақпаратқа қарсы күресті күшейтуіміз керек», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты