USD
USD
USD

Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласының дүние-мүлкі мемлекет қарамағына өтті

Шымкент қалалық прокуратурасы 5,9 миллиард теңгенің мүлкі мен үлесін қайтарғанын хабарлады.

Прокуратура
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. «Шымкент қаласының прокуратурасымен 2024 жылдың I-жартыжылдығында экономикалық ресурстарды монополиясыздандыру саласында жалпы құны 5,9 млрд теңге болатын мүлік және акциялар мемлекетке қайтарылды. Осылайша, сот азамат Б. Ибрагимнің қылмыстық жолмен алған жер учаскесі мен құрылыстарды мемлекетке қайтару туралы қала прокуратурасының талап арызын қанағаттандырды. Бағалау қорытындысына сәйкес құны 357,7 млн теңге болатыны көрсетілген жылжымайтын мүлік Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне берілді», – делінген хабарламада.

Бақыт Ибрагим Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы ретінде танымал. Ол банктен ақша жымқырды деген айыппен сотталып, түрмеден шыққан соң өз-өзіне қол жұмсаған.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық