USD
USD
USD

Батыс Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен 50 отбасы баспаналы болды

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданында су тасқынынан зардап шеккен 50 отбасы баспаналы болды.

Батыс Қазақстан облысы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырған болатын.

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданында су тасқынынан зардап шеккен 66 отбасыға баспана сатып алынып жатыр. Бүгін аудан бойынша 50 отбасы пәтерлеріне қоныс аударды. Қалған 16 тұрғынға жақын уақытта пәтерлер сатып алынады.

Бөрлі ауданы бойынша 60 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, әр үйдің ауданы 80 шаршы метр болады.

Су тасқынынан зардап шеккен Ләйлә Жұмағалиева есімді көп балалы ана сатып алынған пәтеріне кіріп, мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмек үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ, су тасқынан зардап шеккен аудан тұрғындарына 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі әлеуметтік төлемдер жүргізілді. Бүгінде Бөрлі ауданы бойынша тұрмыстық заттар мен жиһаздардың шығынын өтеу үшін 168 отбасыға 63 млн теңге көлемінде қаржы төленді. 

Қазір оқып жатыр

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі

Қазақстанда Toyota мен Lexus көліктерін несиеге беретін компанияға ескерту жасалды

көлік