USD
USD
USD

Ферроқорытпа зауытында күйіп қалған тағы бір қызметкер қайтыс болды

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай кезінде зардап шеккен тағы бір қызметкер қайтыс болды, деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.

Аурухана
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. «Дәрігерлердің бүкіл күш-жігеріне қарамастан Қарағанды ферроқорытпа зауытының тағы бір қызметкерінен айырылдық. 1999 жылы туған науқастың денесін 90% күйік шалған. Осы уақытқа дейін ол өте ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатқан. Марқұмның жақын туыстарына қайғыра көңіл айтамыз», — деп хабарлады облыстың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

25 жастағы Қазкен Ерұлан Қайырбекұлы ферроқорытпа зауытында технолог болып жұмыс істеген.

Осыдан екі күн бұрын денесін 85% күйік шалған Музафар Исмаилов та қаза тапқан еді.

Ол бүгін Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Үміткер ауылында жерленді.

Естеріңізге сала кетейік, 20 шілдеде Қарағандыда ферроқорытпа зауытының пешінде кенеттен жалын шықты. ТЖ салдарынан кәсіпорынның сегіз қызметкері зардап шекті.

Қазір оқып жатыр

Оқушылар мен ұстаздардың дерегі тарады ма? Daryn.online жауап берді

Бизнес

Жетісу облысында психикалық бұзылыстары бар адамдар көлік жүргізіп келген

жолдағы жылдамдық

Атырау облысында хирург МӘМС аясында тегін жүргізілетін отаға ақы алып келген

алаяқтық

Алматыда автобустың дөңгелегі шұңқырға түсіп кетіп, жолды жауып тастады

ор