USD
USD
USD

КХДР баллистикалық зымыран ұшырды

Жапония жағалау күзеті КХДР-дың баллистикалық зымыран ұшырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

Зымыран
Фото: Yonhap

Алматы, NEGE.Жапонияның бақылаушы кемелері сол өңірде тұратын тұрғындарды зымыран бөлшектерін байқаған жағдайда оған жақындамай, бірден билік өкілдеріне хабарласуға шақырды. Сондай-ақ күзет зымыран құлап үлгерді деген болжам жасады.

- Бүгін шамамен 14:55 шамасында Пхеньян аумағынан Жапон теңізіне қарай, болжам бойынша, орташа қашықтыққа жететін бір баллистикалық зымыран ұшырылды, - деп мәлім етті Корея Республикасы Қарулы күштері Штаб басшылары комитеті.

Агенттіктің сөзінше, бұл санатқа 3 мыңнан 5,5 мың шақырымға дейін ұшатын зымырандар жатады.

Корея Республикасының Қорғаныс министрі Син Вон Сик бұған дейін КХДР қаңтарда орташа қашықтыққа ұшатын жаңа баллистикалық зымыранды сынақтан өткізуі мүмкін екенін мәлімдеген еді. Баллистикалық зымырандар Пхеньяннан ұшырылған жағдайда Америка базасы орналасқан Гуамаға дейін жетуі ықтимал.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.