USD
USD
USD

Қырғызстан басшылығына қастандық жасамақ болған Матраимовтың қайда жүргені анықталды

Райымбек Матраимовтың Қырғызстан басшылығына қастандық жасамақ болғаны үшін Бішкекте ұсталған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерімен байланысы бар, деп хабарлайды KazInform.kz.

Қырғызстан басшылығына қастандық жасамақ болған Матраимовтың қайда жүргені анықталды
Фото: Kabar

Алматы, NEGE. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі хабар таратты, деп жазады Кабар агенттігі.

Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің жедел ақпаратына сәйкес, іздеуде жүрген Райымбек Матраимов Әзербайжан астанасы Бакуде жүр.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпаратына сәйкес, оны ұстау туралы Әзербайжан тарапына хат жолданған.

Қазір әзербайжандық полиция оны ұстау және одан әрі Қырғызстанға экстрадициялау мәселесін қарастырып жатыр.

«Сонымен бірге, жедел іс-шаралар барысында Райымбек Матраимовтың Қырғызстанда ұсталған Әзербайжаннан келген трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерімен байланысы бар екені анықталды, олар Қырғызстан басшылығына қастандық жасауға дайындық жасаған», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ҰҚК қызметкерлері Қырғызстан аумағында Әзербайжаннан келген ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері: В.М. Алиев, С.А. Багиров, М.О. Асгаров, М. С. Бехбудов және З.И. Мамедовты ұстаған болатын.

Қазір оқып жатыр

ONAY-дағы ақау: Алматы метросында ұзын-сонар кезек пайда болып, қалалықтар жұмысына кешікті

Метродағы кезек

Алматыда оқушылары жаппай уланған физика-математика мектебінің басшылығы ауысты

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі

Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Надежда Лушникова

ШҚО-да қызының ернінен сүйген ер адамның әрекетіне қатысты тексеру басталды

Қыз