USD
USD
USD

Су тасқыны Жамбыл облысына да жетті

Кеше түнде Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының аумағындағы Жасөркен ауылын су шайып жатыр деген ақпарат тарады. 

Жамбыл облысы
Фото: Жамбыл облысы

Әлеуметтік желіде тараған бейне және аудио материалдарда ауылдағы мектеп пен бірнеше үйді су басып жатқаны айтылады. Тұрғындар ауыл азаматтарын көмекке шықырып, жедел әрекет етуге шақыруда.

Көп ұзамай облыс әкімдігінің ресми ақпараты тарады.

Онда әкімдіктің баспасөз қызметі тосыннан келген тасқын су облыс басшылығының толық бақылауына алынғанын мәлімдеп отыр.

«Жамбыл ауданы, Жасөркен ауылындағы жағдай бақылауда. Аталған аумақта жұмыстар жүргізілуде. 2024 жылдың 15 сәуірінде сағат 20:35-те Жамбыл ауданы Жасөркен ауылында қатты жауын-шашынның салдарынан Жасөркен көшесіндегі 7 ауланы (№54, 52, 50, 48, 49, 51, 53) және М.Әуезов атындағы орта мектеп аумағын су басқандығы туралы ақпарат келіп түсті. Қазіргі уақытта оқиға орнында жергілікті атқарушы органдар, ТЖД-нен 51 адам, 4 бірлік техника (2 тиегіш, 2 экскаватор), 10 бірлік техника және 6 мотопомпа жұмыс істеуде. Жағдай облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің жеке бақылауында», – делінген ресми хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, тұрғындардың айтуынша 15 сәуір күні Тараз қаласы аумағында таңертеңнен бері толассыз жаңбыр жауып тұрған. 

Қазір оқып жатыр

eGov-та шұғыл ауруханаға түскенде жақындарыңды хабардар ететін қызмет іске қосылды

eGov

ШҚО-да әйел адамды өлтірді деген күдікпен оқушы ұсталды

Кісен

Дания Еспаева: 2027 жылғы бюджетте қауіпсіздік қоры жоқ

Дания Еспаева

Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен ер адам ауруханадан шықты

Нұржігіт Қошановтың ауруханадан шыққан сәті