USD
USD
USD

Қазақстандық ауыр атлет Азия біріншілігінде күміс медаль жеңіп алды

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандық атлет Александр Уваров ерлер арасында 81 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Kazinform. 

Спорт
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Ол жұлқа көтеруде 153 келіні бағындырса, серпе көтеруде 166 келіні бағындырып, қоссайыс қорытындысы бойынша 343 келі көрсеткішпен 2-орынды иеленді.

Естеріңізде болса, Александр Уваров Ханчжоу-2022 Азия ойындарында қола медаль жеңіп алған болатын. Міне, бүгін Азия чемпионатында тағы да жүлделі орындардан өзін көрсете білді.

Бүгін сондай-ақ аталған салмақ санатында тағы бір ауыр атлетіміз Әлібек Рақымберді де сынға түскен болатын. Ол Сарықұрлық додасын 7-орынмен аяқтады. Осы салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атағын солтүстік кореялық Ри Чонг Сонг 369 келіні (169+200) бағындырса, қола жүлдеге түркіменстандық Гайгісіз Тураев қол жеткізді.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев