USD
USD
USD

Су тасқыны: Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанның су тасқынынан зардап шеккен аудандарына гуманитарлық көмек жіберу туралы тапсырма берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

көмек
Фото: kun.uz

Алматы, NEGE. Өзбекстанның гуманитарлық жүк тиелген көліктері Қазақстанға бағыт алды.

Министрлер кабинетінің өкімі негізінде 15 жүк көлігіне гуманитарлық жүк артылып, оларды жеткізу бойынша тиісті ұйымдастырушылық мәселелер шешілді. Жүкті Өзбекстан президентінің кеңесшісі Тұрсынхан Құдайбергенов бастаған жұмыс тобы алып барып, табыстайды, - делінген Өзбекстан үкіметінің хабарламасында.

Гуманитарлық көмекте азық-түлік, балалар мен ересектерге арналған киім, көрпе, жастық, гигиеналық құралдар, арнайы жабдықталған шатырлар, резеңке қайықтар мен басқа да қажетті тауарлар қамтылған.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors