USD
USD
USD

Қырғызстанда ел басшылығына қастандық жасамақ болғандар ұсталды

Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Қырғызстан басшылығына қастандық жасамақ болған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz .

кыргыз
Фото: Кабар

Алматы, NEGE. Агенттіктің мәліметінше, шетел азаматтары мен мемлекетаралық іздеуде болуы мүмкін тұлғалардың арасынан ұйымдасқан қылмыстық топтардың заңсыз әрекеттерін анықтау және жолын кесуге бағытталған жедел іс-шараларды ұйымдастыру барысында трансұлттық ұйымның мүшелері саналатын Әзербайжанның 5 азаматы анықталды.

Алынған жедел дерекке сенсек, қылмыс әлемінде "қаңғыбас" деген лақап атымен белгілі М. О. Асгаров қылмыстық ортаны нығайту және ұрылар идеологиясын тарату, сондай-ақ өзінің мәртебесін арттыру мақсатында мемлекет жүргізіп жатқан ОПГ-ға қарсы белсенді күрес саясатына байланысты ел басшылығына қастандық жасау үшін серіктестерімен қырғыз аумағына келген.

Осыған байланысты Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті 2024 жылғы 22 наурызда жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде жоғарыда аталған тұлғалардың барлығы ұсталды.

Қазіргі уақытта оларды Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тарту бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес