USD
USD
USD

Вице-министр лудомания заңы туралы: Лобби бар, бізге де қысым жасағандар болды

Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың лудомания туралы заңды Үкіметтің қолдан кешіктіріп отырғаны туралы сынына жауап берді, деп хабарлайды Қазақпарат.

primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Астана, NEGE. «Депутат Елнұр Сабыржанұлының маған қойған сұрағына келсем, үлкен заң жобасы әзірленді. Оған Туризм және спорт министрлігі де атсалысты. 1,5 жыл емес. Ол заң жобасын жасау негізі 2022 жылдың желтоқсан айында басталған. Санасаңыз, 1,5 жыл болмайды. Екіншіден, заң жобасы туралы бастаманы көтерген Парламенттің VII шақырылымы еді. Одан кейін сайлау болып, VIII шақырылым келді. Жұмыс осылайша 3-4 айға тоқтап қалды», — дейді вице-министр.

Ол сондай-ақ заң жобасын ілгерілетуге қарсы әрекеттер бар екенін растады.

«Лоббизм элементтері бар екеніне келісемін. Өйткені заң жобасына Үкімет тарапынан тиісті қорытынды беру сатысында, тиісті рәсімдерді өту кезінде неше түрлі бірлескен ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, ұлттық кәсіпкерлер палатасының жанындағы аккредиттелген ұйымдар тарапынан қарсылық, қысым болды. Ол жағынан келісеміз», - деді Мирас Төлебаев.

Еске салсақ, Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитеті өткізген сыбайлас жемқорлық тақырыбындағы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев Үкімет лудомания туралы заңды қолдан кешіктіріп отырғанын айтқан болатын.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Атырау

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

Маңғыстау

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды

Ұялы телефон

«Тозаққа айналады»: Трамп Иранға 48 сағат уақыт берді

депорация