USD
USD
USD

Қырғызстанда сел кезінде жоғалған екі жасар баланың денесі табылды

Қырғызстанның Ош облысы Нооқат ауданы Апшыр-Ата ауылында сел алып кеткен екі жасар баланың денесі табылды, деп хабарлады Kazinform.

Нокаат
Фото: Кабар

Алматы, NEGE. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде баланың денесі кеше сағат 15.50-де табылған. Баланы жергілікті тұрғындар тауып, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріне тапсырды.

Қазіргі кезде құқық қорғау органдары оның тұлғасын нақтылап жатыр.

Сел салдарынан құрбан болғандар саны 10 адамға жетті.

«Бүгін іздеу жұмыстарына 85 құтқарушы мен 100-ден астам жергілікті тұрғын жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

Сел жолдарды шайып, көпірлер мен электр қосалқы станцияларын қиратты. Апшыр-Ата демалыс аймағы мен Кезарт жайлауында 1400-ге жуық адам сел ортасында қалды. Кейін олар Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағымен эвакуацияланды.

Жойқын сел тасқынынан қазақстандық балалар көз жұмғаны белгілі болды.

 

Қазір оқып жатыр

ONAY-дағы ақау: Алматы метросында ұзын-сонар кезек пайда болып, қалалықтар жұмысына кешікті

Метродағы кезек

Алматыда оқушылары жаппай уланған физика-математика мектебінің басшылығы ауысты

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі

Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Надежда Лушникова

ШҚО-да қызының ернінен сүйген ер адамның әрекетіне қатысты тексеру басталды

Қыз