USD
USD
USD

Павлодар тұрғыны қоғамдық орында былапыт сөз айтқаны үшін жазаланды

  Жауап беруші 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

fh
Фото: pavlodarnews.kz

Павлодар, NEGE. Қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сот баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін қала тұрғынына қатысты ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

– Сот отырысында, қала тұрғыны 16 мамырда сағат 2:00 шамасында қоғамдық орында болып, әйелімен жанжалдасып былапыт сөздер айтып, айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзғаны анықталды, – дейді баспасөз орталығында.

Айыпталушының кінәсі оның мойындауымен, әйелінің және полиция инспекторының айғақтарымен, сонымен қатар бейне жазбамен дәлелденді.

Сот істің қорытындысы бойынша азаматты кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаны тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті