USD
USD
USD

Кіші Аягөз өзенінде су деңгейі көтерілді

Аягөз қаласында қардың еруіне және күннің күрт жылынуына байланысты Кіші Аягөз өзенінде су деңгейінің көтерілгені байқалады, деп хабарлады ТЖМ.

ТЖМ
Фото: ТЖМ

Алматы, NEGE. Жергiлiктi атқарушы органдар Шәкенов және Желтоқсан атты екi көшедегі судың деңгейi одан әрi көтеріліп, арнасынан асуы жағдайына дайындық мақсатында бөгет салу бойынша алдын алу шараларын жүргізуде. Жұмысқа 14 адам, 6 бірлік техника жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта үйлерді су басу қаупі жоқ. Судың елді мекендерге одан әрі жайылуына жол бермеу үшін қауіпті аймаққа 400 тонна инертті материал жеткізілді.

Жағдай күрделенетін болса, Аягөз қаласы ТЖ бөлімінің күштері мен құралдары толық әзірлікте тұр.

Қазір оқып жатыр

NAVAI мінген көліктен есірткі табылды

NAVAI

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева