USD
USD
USD

Өзбекстан АИ-80 бензинін өндіруді тоқтатады

Елімізде АИ-80 маркалы бензиннің өндірісі тоқтағанына биыл 6 жыл, деп хабарлайды Хабар-24.

АИ-80
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Біздегі зауыттар К4 және К5 стандартына көшкен. Араға бірнеше жыл салып, іргедегі Өзбекстан да осы тәжірибені қолдануға ниетті.

Яғни экологияға зияны көп жанармай түрінен толыққанды бас тартпақ. Ала шапанды ағайын бұған дейін нарықтағы бензин құнын мемлекеттік деңгейде реттеп келген.

Тек қаңтар айынан бастап жеңілдік мерзімі тоқтатылды.

Аи-80 Өзбекстанда әлі кең қолданылатын жанармай. Мұнай өңдеу зауыттары өндірісін азайтқан емес.

Жағдай 2026 жылға қарай өзгеруі тиіс. Үкімет экологиялық зиян деп танылған бензиннің орнын еуро стандарт өніміне алмастырмақ.

Яғни, алдағы 2 жылда АИ-92 өндірісін кезең-кезеңімен ұлғайту көзделген.

Қазір оқып жатыр

Трамп ұлдарының Қазақстандағы вольфрам жобасына АҚШ 1,6 млрд доллар бөлмеуі мүмкін

Вольфрам өндірісі

Абай облысында тереңдігі 15 метр болатын алтын карьері анықталып, 9 адам ұсталды

Заңсыз өндіріс орны

Қазақстандағы жылу желілерінің тозуы 48 пайызға дейін төмендеді

Жылу

Ақтөбедегі студент қазасы: анасы ұлына қысым көрсетілгенін айтады

Нұрбақыт Бақыт