USD
USD
USD

Жетісу облысында қар құрсауында қалған 39 адам құтқарылды

  Алакөл ауданы аумағында ақтүтек боран соғып, көлік жолдарына шектеу қойылды, деп хабарлайды Kazinform.

кыс
Фото: Рixabay

Алматы, NEGE. Үшарал - Достық бағытындағы республикалық автожолы кешеден бері көліктің барлық түрі үшін жабық тұр. Соған қарамастан алыс жолдан келе жатқан немесе ескертуді елемей жолға шыққан көліктер жолда қалып, құтқарушылардың көмегіне жүгініп жатыр.

Қазірге дейін Алакөл ауданы аумағында жолда қалған 49 автокөлікке көмек көрсетілді.

- Қар құрсауында қалған 39 адам құтқарылды. Оның ішінде Достық стансасына баратын автобусқа мінген Беларус республикасының 15 азаматы бар. Адамдар аман, медициналық көмекке жүгінбеді, - деп хабарлады Жетісу облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев