USD
USD
USD

«Ауыл» партиясының бұрынғы басшысы Ғани Қалиев қайтыс болды

Қазақстандық ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Ғани Қалиев 86 жасында қайтыс болды.

Ғани Қалиев
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Ғани Қалиев еліміздің саяси өміріне де белсенді араласқан: ҚР Жоғарғы кеңесі мен Парламент Мәжілісінің депутаты болған. Сонымен қатар «Ауыл» партиясының экс-төрағасы.

Қалиев Ғани Әлімұлы 1938 жылы жылы 19 шілдеде Жамбыл облысының Шу ауданына қарасты Белбасар ауылында туған.

Мансабын Алматы халық шаруашылығы институтында (қазіргі Қазақ экономика университеті) оқытушы болып бастаған.

1968-84 жылдары Қазақтың ауыл шаруашылық экономикасы және оны ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, сектор, бөлім меңгерушісі, институт директорының орынбасары, директоры (1988-96);

1984-88 жылдары Қазақ қой өсіру технология ғылыми-зерттеу институтының директоры;

1991-96 жылдары Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының президенті болды.

1999 жылдан Парламент Мәжілісінің депутаты.

«Ауыл» партиясының төрағасы қызметін атқарды. Оның басшылығымен Агроөнеркәсіптік кешеннің Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңесі құрылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай жеткізуді уақытша тоқтатты

Мұнай экспорты

Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов бостандыққа шығады

Бақытжан Байжанов

Қарағандыда «Құсбегілік» федерациясының мүшесі сирек құстарды заңсыз ұстаған

құсбегі

Қазақстан электрондық үкімет бойынша әлемнің үздік 25 еліне енді

Цирфлы Қазақстан