USD
USD
USD

Шымкентте ер адам әйелі мен үш айлық қызын аяусыз соққыға жыққан

Шымкентте ер адам әйелін ұрып-соғып, үш айлық баласын лақтырып жіберген.

Сәби
Фото: Видео-скрин

Алматы, NEGE. Оқиға туралы әлеуметтік желілерде заңгер Айгүл Орынбек мәлімдеді. 53 жастағы ер адам әйелін пышақпен қорқытып жатып, үш айлық қызын теуіп, лақтырып жіберген.

Ең сорақысы, қалалық ауруханадағылар әйел мен сәбиін қабылдаудан бас тартқан. Салдарынан сәбидің басына қан құйылып, ол жансақтау бөліміне жатқызылды.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева бұл істі жеке бақылауына алғанын айтты.

Ер адам ұсталып, оған денсаулыққа қасақана зиян келтірді деген айып тағылды.

Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растады. Қазір жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалған.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізілуде», - деді ведомство.

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

.

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

.

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жедел жәрдем

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

.