14 Қаңтар 13:51
...

1 543 отандасымызға халықаралық іздеу жарияланды – Бас прокуратура

прокуратура
Фото: Kazinform

2023 жылы іздеуде болған 55 адам Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратурадан мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

Астана, NEGE. «2023 жылы Қазақстанға іздеуде жүрген 55 адам Болгария, Грузия, Қырғыз Республикасы, Ресей, Сербия, Түркия, Украина және басқа да елдерден экстрадицияланды. Бұл ретте ұстап беру туралы шарттың болмағындығына қарамастан Германиядан, Латвиядан, Камеруннан, Польшадан, Швециядан іздеудегі адамдарды Қазақстанға экстрадициялауға мүмкіндік болды», - делінген Бас прокуратураның агенттік сауалына берген жауабында.

Сонымен қатар ведомство қазіргі уақытта 823 адамға мемлекетаралық, ал 1 543 адамға халықаралық іздеу жарияланғандығын атап өтеді.