USD
USD
USD

Шымкентте 19 жастағы жігіт көрші баланы қорқытып, бірнеше рет зорлаған

Шымкентте 19 жастағы тұрғын көршінің баласына сексуалдық сипатта зорлық көрсеткен, деп хабарлайды Otyrar.kz 

Otyrar.kz
Фото: Otyrar.kz

Алматы, NEGE. Шымкент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық сот отырысында И-ге қатысты қылмыстық істі қарады. 19 жастағы қала тұрғыны кәмелетке толмаған балаға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінген.

Сот мәліметінше, И. 2023 жылғы қазанның аяғында 2013 жылы туған кәмелетке толмаған М-ның дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оған қарсы бірнеше рет жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасаған.

"Соттың қорытындылары кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкілінің айғақтары, сотталушының соталды тергеп-тексеру барысында берген мойындау айғақтары, сараптамалардың қорытындылары және істің басқа да материалдарымен расталады. Прокурор ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі бойынша 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкілі және оның адвокаты прокурордың ұстанымымен келісті. Қорғаушы тарап ақтау үкімін шығаруды сұрады", - деді Шымкент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баспасөз қызметі өкілдері.

Сот И-ді ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге байланысты педагогикалық лауазымдар атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев

Mercedes-Benz көлігі, жан басына шаққандағы табысы 356 мың болатын отбасыға жәрдемақы берілмейді

Әлеуметтік төлемдер тақырыбындағы брифинг