USD
USD
USD

Иса Байзақов ұстаған көне домбыра табылды

Домбыра Ертіс ауданынан табылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Иса Байзақов
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде қала тұрғындары әйгілі жерлесіміз, ақын, әнші-композитор Иса Байзақов ұстаған көне домбырамен танысты.

Дауылпаз ақынның өз қолымен ұстаған мұндай жәдігер өңірімізде тұңғыш рет табылып отыр.

Көне аспап жайында Исаның Үлгілі ауылындағы музейін алғашқы ұйымдастырушы, ардагер ұстаз, Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Күләш Әбиева әңгімелеп берді.

– Бұл домбыраны ақын 1942 жылы туған жеріне келгенде досы Мүпти Ахметовке тарту еткен. Бұл өңіріміз үшін таңғаларлық жаңалық болып отыр. Себебі, ақынның туған жеріндегі музейлерде мұндай жәдігер жоқ, – деп атап өтті ардагер ұстаз Күләш Әбиева.

Сондай-ақ, келер жылы тұлғаның туғанына 125 жыл толады. Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі ақынның мерейтойы қарсаңында зерттеу-іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Соның бір нәтижесі – осы көне жәдігер.

Айта кетейік, кеште сондай-ақ әнші Мағжан Ысқақ дауылпаз ақынның әндерін шырқады.

Қазір оқып жатыр

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры