USD
USD
USD

Алматы тауларында қар көшкіні жүрді

Алматыдағы «Pioneer» тау шаңғы курортының маңында қар көшкіні жүрді. Әлеуметтік желіде қар көшкінінің видеосы пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

қар
Фото: Kazinform

Алматы, NEGE. «Букреев шыңынан қар көшкіні жүрді. Адамдар өлуі мүмкін», - делінген жазбада.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 22 наурыз күні таңертең жылымықтың әсерінен, сондай-ақ жауын шашынға байланысты Қотырбұлақ өзенінің бассейнінде қар көшкіні еріп, қар массасы «Pioneer» тау шаңғысы курортының құрылысына дейін жетті. Таулы кешен жұмыс істемеген, абырой болғанда зардап шеккен адамдар жоқ.

«Сарапшылар түскен қар массасының көлемін ауа райы қауіпсіз болғанда өлшейді және есептейді. Айта кету керек, бұған дейін 20 наурызда «Қазселденқорғау» ММ қалалық филиалы Pioneer курорты әкімшілігіне көшкін қаупі және қажетті шаралар қабылдау туралы ұсыныс берген болатын. Жоғарыда аталған мамандардың ұсынысы бойынша адамдардың жүруіне шектеу орнатылған», - делінген хабарламада.

Алматыда 165 қар көшкіні алқабы бар, оның 18-і қауіп төндіреді.

Қазір оқып жатыр

«Семей орманындағы» өрт оқшауланды

.

«Енді асыға оралатын үйім бар»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлады

.

Құрылтай сайлауына Грузия, Иран, Швеция және Қырғызстаннан байқаушылар қатысады

.

ШҚО-да жүргізуші куәлігін алмақ болған ер адам 6,6 млн теңгесінен айырылған

алаяқтық