USD
USD
USD

Павлодар облысында екі ауданның бас ұстаздары жазаланды

Олар мемлекеттік қызметтің беделін түсірген, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Шенеунік
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар мен Аққулы аудандары білім бөлімдерінің басшылары мектептерді уақтылы күрделі жөндеуден өткізбегені үшін мердігерлерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану мақсатында сотқа жүгінді.

Сотта олар жосықсыз жеткізушілерді жауапкершіліктен босатып, бітімгершілік келісімге келген.

– Бұл үшін білім басқармасының бұйрықтарымен аталған лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – деді облыстық прокуратурада.

Павлодар қалалық соты жазаланған адамдардың талап қоюлары бойынша жұмыс берушінің актілерінің күшін жойды. Алайда, қалалық прокуратура бұған келіспеді және облыстық сотқа шешімдердің күшін жою туралы өтініш хаттар енгізді.

Апелляциялық сатымен прокурорлардың өтініш хаттары қанағаттандырылып, талап қоюдан бас тарту туралы жаңа шешімдер шығарылды және бірінші сатыдағы сот актілерінің күші жойылды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж