USD
USD
USD

Бас прокуратура интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертті

Бас прокуратура елімізде интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын мәлімдеді. Уақыт өткен сайын алданып қалған адамдардың саны артып келе жатыр.

 Kazinform
Фото: Kazinform

Астана, NEGE. «Алаяқтар жәбірленушілерге құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде бейне-қоңырау арқылы хабарласып, белгісіз тұлғалар жәбірленушінің атынан несие алуға әрекеттеніп жатқаны туралы жалған ақпарат береді. Осы „несиені“ жою үшін дереу жаңа несие алуға банк бөлімшесіне баруды ұсынады. Банктен алған несие ақшасын жаңа „қауіпсіз“ шотқа аударуды өтінеді. Бұл — алаяқтардың шоты», — дейді Бас прокуратура таратқан ресми хабарламада.

Бас прокуратура құқық қорғау органдары қызметкерлері видео-қоңыраумен ешқашан хабарласпайтынын, мұндай форматта жұмыс істемейтінін ескертеді. Бөтен адамға, тіпті құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне де банк мәліметтерін бермеуге, күмәнді жағдайлар туындағанда 115 нөміріне қоңырау шалуға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс