Сансызбай Нұрбаба

29.04.21 Алмас Әмзеев: Шымкентте полицей парадан бас тартса, сол көлемде сыйақы беріледі

Тоқсаныншы жылдардың басындағы топалаңда құқық қорғау қызметінің де қадірі қашты. Сол тұста милицияны жұрт базар жағалап, саудагерлерден «тиын сауатын» сұмырай деңгейінде қабылдайтын еді. Одан бері 25-30 жыл уақыт өтті, милиция полицияға өзгерді.

29.03.21 Баукеспе барымташылар 25 айғырды қалай ұрлаған?

Наурыз – жыл басы ғана емес, ұры-қарының да тақым қысатын кезеңі. Өткен жылы дәл осы уақытта Түркістан облысында жанынан безген барымташылар 25 айғырды қорадан ұрлап әкеткен болатын.

18.03.21 Қыжыртпа. Баталов – бас шопан

Егер Алматы облысы басшылығының жоспары орындалса, Баталовты НЕГЕ еліміз бойынша «бас шопан» сайламасқа?!  

14.03.21 Ан-26 – «ұшатын табыт». Фото-видео репортаж

АН-26 ұшағы өткен жылы Украинада құлаған еді. Сол кезде Украина президенті әуе апатының себебі анықталғанға дейін АН-26 ұшақтарын көкке көтеруге тыйым салған. Әзірге бізде мұндай тапсырма берілер-берілмесі белгісіз.

12.03.21 Қыжыртпа. Бердібек пен Архимед – «әдеп үздіктері»

Әдеп деген қасиет әркімнің де бойынан табылады ғой негізі. Бірақ біреуде – аз, енді біреуде – көп. Айырмашылығы сол, бойында әдебі басымдауын – әдепті, әдебі кемістеуін – әдепсіз дейміз.

10.03.21 Архимед бастаған әкімдер чемпион қызды НЕГЕ жылатты?

Ақтөбеге алтын жауғызған спортшыға тоғыз жыл бұрын пәтер кілтін тапсырған әкімдік оның құжатын әлі бермеген. Алды облыс басқаратын үш бірдей шенеунік енді жалғызбасты балуанмен соттасуы мүмкін.   

08.02.21 Қыжыртпа. Депутатқа «намаз» үйреткен – таяқ

Пандемия кесірінен баласын үйден оқытқан халыққа тағы бір уайым қосылды. Мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға 647 миллион теңге бөлінгенін естіген жұрт намыстан жарылуға айналды. Расында, депутаттарды қалай оқытқан жөн өзі?

03.02.21 «Бензин ішкіш» министрлер кімдер?

Бір жылда  81,3 млн тенгені транспорттық шығындарға жұмсаған Қаржы министрлігі атойлап алға шығыпты. Бұл соңғы қатардағы Ауыл шаруашылығы министрлігінің шығынынан 2,5 есеге жуық артық...