Шадияр Өстемірұлы

14.06.21 Ресейдің саяси технологтары Нұр-Сұлтанды НЕГЕ торуылдап жүр?

Власовтың Елорда мейрамханаларының кешкі асына бола келмегені анық. Әдетте, шіркей төмен ұшса, жаңбыр жауады деп болжап жатады. Ал ресейлік саясаттанушылар астанада көп төбе көрсетіп кетсе, бұл – елімізде қандай да бір саяси науқанның не ірі өзгерістің құлағы қылтиып тұр деген сөз...

10.06.21 «Алдағы аптада Маминнің тағдыры шешіледі»

«Алдағы аптада үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады. Осы жиында Мамин басқаратын Үкіметтің тағдыры шешілуі мүмкін...»

07.06.21 Ақорда мен Кремльдің арасына сызат түсті ме?

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресей дипломаты Александр Панкиннің мәлімдесін жоққа шығарды. ЕАЭО шеңберінде Батысқа қарсы ұжымдық санкция салу туралы ешқандай келіссөз жүріп жатпағанын жария етті.

04.06.21 Досым Сәтбаев: Ақырында осылай боларын билікке ескерткенбіз!

Ресейдің Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкин «Еуразиялық экономикалық одақ Батыстың санкцияларына қарсы ұжымдық жауап әзірленіп жатыр» деп мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, бұл жауап ДСҰ нормалары тұрғысынан заңды болуы тиіс.

31.05.21 Бөріхан Нұрмұхамед: Мұндай зұлматты сырттан келген басқа халықтар жасаған жоқ

Бүгін – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Сонау 30-жылдар жазықсыз оққа ұшып, аштан қырылған жақын-жұрағаттарымыз бен ұлтқа тұтқа болған азаматтарымызды ардақтап, жадымызда ұстауға бір күнді белгілеп те қойдық. Десе де, осы зұлмат заманға әлі күнге дейін саяси баға берілмей келеді. Оның түрлі себебі де бар. Саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамед сұхбат барысында мән-жайды тарқатып айтып берді.

31.05.21 Досым Сәтбаев: «Лента қию экономикасы», «жалаңаш патша» және Маминнің өтірігі туралы

«Мамин Тоқаевтың адамы емес. Тоқаев президент болған соң, Маминді бірнеше рет орнынан алып тастауға оқталды. Былтыр індет өршіп тұрғанда, президент премьер-министрге қатаң ескерту жасады. Жақында ғана вакцинацияға қатысты тағы да сөкті...»

25.05.21 Болашақ әкімдер НЕГЕ «Nur Otan»-ның табалдырығын тоздырып жүр?

Әкімдерді сайлау туралы заңды Парламент  қабылдап, таяуда Президент қол қоюы тиіс. Осы жазда, шамамен шілде айының аяғы не тамыз айының басында ауыл әкімдерін сайлап қалуымыз да ғажап емес. Жаңа қабылданатын заңға сәйкес, бұл сайлауға партиялар да, жеке адамдар да кандитат ұсына алады.

21.05.21 Дереккөз: Жақын күндері Үкімет отставкаға кетеді

Тұрақты оқырманымыздың айтуынша, жақын күндері Асқар Мамин басқаратын үкімет отставкаға кетіп, Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысында Үкіметтің жаңа басшысы тағайындалады.