Nege.kz экономикалық бөлімі
«Халық Банк» өзінің Ресей, Тәжікстан мен Қырғызстандағы еншілес банктерін сатып бітті. Оның Еуразия аумағын жаулайтын амбициясынан бас тартуының нақты себебі белгісіз. Бірақ алпауыт банктің негізгі акционерлері – Тимур мен Динара ҚҰЛЫБАЕВТАРДЫҢ етек-жеңдерін жинап жатқаны айқын білінеді.
«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы 2022 жылдың қортындысы бойынша өзінің қызметкерлеріне де, салық органдарына да қарыз болған. 2,4 миллиард теңге мемлекеттік тапсырыс алып, оның 1,7 миллиард теңгесін игеріп, 328 миллион теңге таза пайдаға шықты. Бірақ одан ішкі туризм керемет дамып кетті деп айтуға келмейді.
2022 жылдың қорытындысы бойынша «Shymkent» ӘКК 375 миллион теңге операциялық шығынға ұшырады. Себебі, жалпы түсімі бар-жоғы 1,7 миллиард теңге болған. Мысалы, 2021 жылдың нәтижесінде корпорация 12,8 миллиард теңге выручка алған болатын. Shymkent тиімділігі бір жылда 8 есе төмендеп кеткен. НЕГЕ?
Қазақстан үшін Александр Машкевичтің әр қадамын аңдып отыру аса маңызды. Қарағанды шахталарына еш инвестиция құймай, табысты тек шетелге шығарып келген Лакшми Митталдың жолын ERG акционерлері де қайталап келеді...
NEGE дереккөзінің ақпаратынша, 2017-2022 жылдар аралығында «Бәйтерек» холдингін басқарған Айдар Әріпхановқа құқық қорғау органдары тарапынан біршама сұрақтар туындауда. Олардың 2021 жылы арзанға сатылып кеткен Қазақстанның инвестициялық қорына қатысы бар.
Қазақстан 2025 жылдары Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жабуды ойластыра бастады. Аудиторлар есебінде де, халық пен депутаттар тарапынан да МӘМС-ке айтылған сын, наразылық көбейіп барады.
Танымал волейболшы Сабина Алтынбекованың басы дауға қалды. Спортшының курсын сатып алып, бірақ көңілі толмағандар ақшасын талап етіп жатыр. Тіпті бір адам полицияға арыз түсірген, деп хабарлайды КТК.
Қазақстанның Ұлттық қоры 2019 жылдан бері бір тиынға да өспей келеді. Ал Ұлттық банктың осы қорды басқару туралы Мемлекет басшысына берген есебінде 2022 жылғы инвестициялық шығын 2,6 триллион теңгеге жеткені белгілі болды. Бұл – Ұлттық қордың 10,35 пайызы.