Серік Жолдасбай

17.01.22 Мырзатай қашты, Несіпбек састы... Танымал адамдар Назарбаевтан теріс айналып жатыр

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев биліктен айырылып, отбасы мүшелері қызметтен кетіп, тізгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тигені сол еді, кейбір жұрт президентті мақтап ала жөнелді. Ал осы күнге дейін Нұрсұлтан Назарбаевты мақтап келгендер бір-ақ күнде өзгеріп шыға келді.

03.01.22 Қазақстан 30 жылда неге газ өңдейтін зауыт салмады?

Газ бағасының қымбаттауына байланысты Жаңаөзен қаласында басталған наразылыққа қоғамның назары ауып отыр. 

30.12.21 Бекетаев саяси партиялардың НЕГЕ тіркелмей жатқанын айтты

Заң бойынша партия құру үшін қажетті мүшелердің саны 40 мың адамнан 20 мыңға дейін қысқарды. Алайда арада бір жылдан астам уақыт өтсе де, елімізде неге жаңадан саяси ұйым тіркелмеді?

22.12.21 Райымқұлова НЕГЕ бас бапкерді тағайындай алмай отыр?

Жуырда допинг дауына іліккен Жасұлан Қыдырбаев «Алексей Ни ол кезде менің жауым еді, соның қысымы болды» деп сұхбат берді. Бұған дейін ауыр атлетика саласындағы былық-шылықтың салдарынан Альберт Линдер өз өзіне қол жұмсаған болатын.

16.12.21 Депутат: Жаңаөзен шындығы ерте ме, кеш пе ашылады...

Nege.kz тілшісі Мәжіліс депутаттарынан Желтоқсан көтерілісіне және Жаңаөзен оқиғасына қатысты пікір сұрады.

15.12.21 «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Президентің тапсырмасын орындамады»

Бүгін Мәжіліс отырысында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарма төрағасы Жанат Құрманов сынның астында қалды. Мәжәліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннен ұрыс естіп шыққан Жанат Құрмановқа журналистер тағы қыспаққа алды. Nege.kz тілшісі зейнетақы қорындағы дауға назар аударды.

15.12.21 Men Media: Журналистерге қысым НЕГЕ көбейіп кетті?

Жуырда ғана жұмысын бастаған «Men media» кросс-медиа платформасы Ұлттық баспасөз клубымен бірлесіп, «ҚР Әскери соты журналистке қатысты заңсыздық ұйымдастырды» тақырыбында баспасөз конференциясын өткізді.

13.12.21 Мемлекеттік марапаттың НЕГЕ мәні кете бастады?

Соңғы жылдары Тәуелсіздік күні қарсаңында орден, медальді жаппай тарату үрдіске айналды. Бір қарағанда, мемлекетке үлес қосқан азаматтың марапатталғаны құптарлық дүние секілді. Алайда жаппай марапаттау биліктің зиялы қауым өкілдерін алдап ұстаудағы амал-айласына ұқсап бара жатқандай көрінеді.