Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды
Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
Алматы, NEGE. "Мемлекет басшысының өкімімен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.