Зүлфия Сүлейменова Президенттің кеңесшісі қызметінен кетті
Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының өкімімен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымынан босатылды», - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
2012 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша тәмамдады. 2014 жылы аталған оқу орнында халықаралық қатынастар мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды. 2016 жылдан бастап Жапониядағы Ұлттық саяси зерттеулер институтының (GRIPS) PhD докторантура бағдарламасында білім алды.
Еңбек жолын 2013 жылы бастады.
2014-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері.
2015-2017 жылдары БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясында (ЭСКАТО) қоршаған орта және даму, энергетика, макроэкономикалық саясат және даму қаржыландыру бөлімдерінде жұмыс істеді (Бангкок, Тайланд).
2019 жылы БҰҰ Даму бағдарламасында (БҰҰДБ) Түрікменстан мен Қазақстандағы жобаларға, сондай-ақ ЭСКАТО-ның қоршаған орта және даму бөліміне қатысты қызмет атқарды.
2020-2021 жылдары – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті директорының орынбасары.
2021-2022 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.
2022 жылғы наурыздан 2023 жылғы қаңтарға дейін – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.
2023 жылғы 4 қаңтардан 1 қыркүйекке дейін – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі.
2023 жылғы 21 қыркүйекте Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – ҚР Президентінің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі болып тағайындалды.
2024 жылы "Құрмет" орденімен марапатталған.