25 ноября 2023 г. 11:14

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» – Қызылордада осындай акция басталды

Фото:
Профилактикалық шара аясында халық көп шоғырланатын алаңдар мен сауда үйлерінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр

, деп жазды 24.kz.

Алматы, NEGE. Полицейлер тұрғындарды отбасындағы жанжалды жасырмауға үндейді. Себебі тұрмыстық кикілжің қайталана берсе, ана мен бала өміріне қауіп төнуі мүмкін.

Жалпы облыс аумағында жыл басынан бері полицияға зорлық-зомбылыққа қатысты 2600-ден астам хабарлама түскен. Әйелдерге қатысты 65 қылмыстық іс тіркеліп, жанұшыра көмек сұраған 1800-дей қыз-келіншек арнайы қорғауға алынды.

- Орын алған қылмыстарды саралайтын болсақ, 1 адам өлтіру, өзін-өзі өлтіруге жеткізу 6, денсаулыққа қасақана зиян келтіру 1, орташа ауырлықтағы дене жарақатын салу 18, қорқыту 5, зорлау 10 қылмыс болды. Профилактикалық есептегі 2496 тұрғын мекенжайлары тексеріліп, олармен профилактикалық шаралар жүргізіліп жатыр,- дейді ПД бастығының бірінші орынбасары Шәмшидин Әмитов.

Тегтер: