Зорлық-зомбылық көрген балаларға арнайы кабинеттер ашылады

Көмек кабинеттерінде кәмелетке толмағандарға «бір терезе» қағидаты бойынша кешенді қолдау көрсетіледі.

Depositphotos

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

«Балаға қолайлы ортада алғашқы психологиялық көмектен бастап сот-медициналық сараптамадан өтуге және бейінді мамандардың қатысуымен сауалнама жүргізуге дейінгі барлық қажетті қызметтер бір жерде көрсетіледі. Бұл баланың көптеген ұйымға бару қажеттілігін жойып, психологиялық тұрғыдан қайта жарақат алуына жол бермейді», – дейді министрлік өкілдері.

Жақын арада кабинеттердің қызмет қағидалары бекітіліп, содан кейін өңірлерде кезең-кезеңімен ашыла бастайды.

Бұл жаңашылдық «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заңда көзделген. Тиісті норма 2 наурыздан бастап күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Израиль президенті Астанаға келді

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды