Зооқорғаушылар қатігездікпен зорланған төрт итті тапты

Нұр-Сұлтанның зооқорғаушылары «Астана Ветсервис»  үйсіз жануарларға  арналған изоляторында қатыгездікпен зорланған төрт итті тапты.

Алматы,  NEGE.  Олардың айтуынша, тексеру кезінде ветеринар дәрігер барлық төрт итте бірдей жарақат бар екенін растады. Жарақатты барлығы бірдей уақыт аралығында алған. 

«Изолятор аумағында (Ақсүмбе тұйық көшесі, 1) қатыгездікпен жәбірленген иесіз иттерге қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Сараптама өткізіледі. Айта кету керек, изолятор аумағында кәсіпорын қызметкерлерімен бірге иесіз жануарларды күтуге көмектесіп жатқан тұрғындар жұмыс істейді. Арыз жазылып, полиция департаментіне жіберілді. Кінәлі адамдар жауапқа тартылады»,  – деді ветеринарлық компанияның өкілдері.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты