Зілтемірші Жазира Жаппарқұл лауазымды қызметке тағайындалды

Зілтемірші, ауыр атлетикадан Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл Шымкент қаласы ауыр атлетика федерациясының вице-президенті болып тағайындалды.

almaty.tv

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Amanat партиясының Шымкент қалалық бөлімшесі хабарлады.

«Жазира Жаппарқұлға куәлікті Ауыр атлетика федерациясының вице-президенті, Шымкент қаласы бойынша филиал президенті Мұрат Жолдыхожаев салтанатты түрде табыстады.

Олимпиада жүлдегерінің федерация жұмысына араласуы жас спортшыларға мотивация беріп, кәсіби спорттың жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етеді», – делінген партияның желідегі парақшасында жарияланған хабарламада.

Жолдыхожаев Жазира Жаппарқұлдың спорттағы жетістіктері мен тәжірибесі өңірдегі ауыр атлетиканы дамытуға серпін беретінін атап өтті.

Өз кезегінде спортшы жасөспірімдер спортына ерекше көңіл бөліп, жаттықтырушылар құрамымен бірлесіп жүйелі жұмыс жүргізетінін айтты.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған