Зымыранның украиналық лайнерді құлатқан сәті (видео)

Иран белсендісі Нариман Гариб Telegram-да зымыранның Тегераннан ұшып шыққан украиналық лайнерді құлатқан сәтінің видеосын жариялады. Қазіргі уақытта Bellingcat пен The New York Times журналистері бұл кадрларды тексеріп жатыр, –​ деп хабарлайды Цензор.net.

Алматы, NEGE. Жарияланған видеоның 19-секундында бір жарық пайда болады да артынша жарылыс болғанын көруге болады. Журналистердің сөзіне қарағанда, ұшақ зымыран тиген соң бірден құлай қоймаған. Украиналық лайнерді Иранның әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері атып құлатқан. БАҚ Басылымның мәліметінше, The New York Times журналистері видеоны түсірген адаммен байланысқа шықты. Видео авторының айтуынша, ол видеоны жарылысқа ұқсас дыбыстар шыққан соң ғана түсірген. Осыған дейін «Международные авиалинии Украины» әуекомпаниясының Boeing 737-800 ұшағын Тегеранда Иранның зенит-зымыран кешені атып құлатқаны хабарланған еді.

Мұндай нұсқаны Newsweek газетіне Пентагон өкілі, АҚШ барлау қызметінің жоғары лауазымды өкілі әрі Ирак арнайы қызметінің қызметкері айтқан болатын. Мұның алдында украиналық лайнердің апатқа ұшыраған сәтінің видеосы тарады.

Еске салайық, Киевке бағыт алған Boeing 737-800 ұшағы таңғы уақытта Тегерандағы әуежайдан ұшып шыққан бетте апатқа ұшыраған. Ресми мәлімет бойынша, 176 адам қаза тапқан: 167 жолаушы Иран, Украина, Канада, Германия, Швеция, Ауғанстан азаматтары және экипаждың 9 мүшесі.

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен