Жүзуші Әділбек Мусин Франциядағы турнирде екінші орын алды

Францияның Канет қаласында өтіп жатқан жүзуден халықаралық турнирде қазақстандық Әділбек Мусин күміс жүлдегер атанды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Халықаралық турнирде баттерфляй әдісімен 100 метрге қашықтыққа жарысудан ол екінші болып келді. Бас жүлде франциялық Максим Груссеге бұйырса, үздік үштікті сол елдің тағы бір өкілі Клемент Секки түйіндеді. Олардың екеуі де Париж Олимпиадасында қола жүлдегер атанған.

Жарысқа әлемнің 53 елінен 609 спортшы келді.

Қазір оқып жатыр

Түркістанда фельдшерлердің мәселесін көтерген азамат психиатриялық есепке заңсыз қойылған ба?

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды

Польшада қазақстандық әйел қаза тапты

Трамп Ресей мұнайына салынған санкцияларды уақытша алып тастады