Жүзуден Қазақстан командасы әлем чемпионатына қатысады

Жүзуден Қазақстан командасы Алматыда оқу-жаттығу жиындарын өткізуде деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE.  Аталған жиын 16-21 желтоқсан аралығында Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін әлем чемпионаты қарсаңында ұйымдастырылып отыр. 

Әлем чемпионатына үш қазақстандық спортшы қатысады деп жоспарлануда. Олар – Әділбек Мусин, Аделаида Пчелинцева және Александр Варакин.

Жаттығу жиыны 30 қарашаға дейін жалғасады.