Жүзу: Қазақстан құрамасы жеті медаль алды

Жүзуден Түркияда өткен халықаралық жарыста отандасымыз Дмитрий Баландин үшінші жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Олимпиада чемпионы 100 метрге брасс әдісімен жарысуда күміс медальге ие болды. Ол бұған дейін 50 метрлік сайыста мәре сызығын екінші боп кесті. Ал 200 метрді еңсеруде алтыннан алқы тағынды. Дмитрий Баландинмен қоса, тағы бір отандасымыз Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден, ал Аделаида Пчелинцева 100 метрге брасс әдісімен жүзуден күміс жүлдегер атанды. Жалпы Түркиядағы жарыста отандастарымыз жалпы жиынтығы 7 медалді еншіледі.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті