Жүріп бара жатқан көлікке жармасқан балалардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды

Теміртауда жасөспірімдер қозғалыстағы көлік артына жабысып, жолда өмірлерін қатерге тікті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Қарағанды облысында кәмелетке толмаған үш баланың жолда кетіп бара жатқан ГАЗель автокөлігіне жармасып, жол бойымен қозғалған сәті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады. Оқиға жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзумен қатар балалардың өміріне елеулі қауіп төндірген.

Жедел түрде жүргізілген тексеру нәтижесінде оқушылардың жеке тұлғалары анықталды. Олар 10-11 жас аралығындағы мектеп оқушылары болып шықты. Барлық бала заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Балалардың ата-аналарына қатысты бала тәрбиесіне немқұрайлы қарағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аталған іс бойынша материалдар кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданды. Сонымен қатар жасөспірімдер мектепішілік есепке алынатын болады. Полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларының жүріс-тұрысын бақылауда ұстаудың және оларды жолдағы қауіп-қатерден сақтандырудың маңыздылығын еске салады. Мұндай немқұрайлық қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді