Журналистикадағы жалған ақпараттың ғұмыры қысқа
Ақиқат пен өтірік қай салада болмасын қатар жүретіні анық. Ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және тарату саласындағы кәсіби маманды журналист деп атаймыз. БАҚ саласы үшін ақпараттың шындыққа сәйкестігі, журналистердің жұмысындағы ең басты қағида. Ол газетке (журналға) мақала, радио немесе теледидарға репортаж, интернет-ресурста жариялау үшін жазба дайындап жатпасын осы ұстанымда болуы керек. Ал жалған ақпараттың ғұмыры қысқа.
Терминологиялық шатасуды болдырмау үшін біз бір кездері америкалық психолог Пол Экман берген өтіріктің түсіндірмесін негізге аламыз. Ол өтірікке «бір адамның басқа біреуді адастырып, оны қасақана, өзінің мақсатын алдын ала ескертпестен және жәбірленушінің шындықты ашпау туралы өтінішінсіз жасайтын әрекеті» деген анықтамасын ұсынды.
Өтіріктің артында манипуляция тұр. Қарапайым тілмен айтқанда, өтірік адам өмірінің құбылысы ретінде қандай да бір абстракция сияқты өздігінен өмір сүреді. Мысалы, көптеген олигархтар өз табыстарын бірқатар шет мемлекеттердің оффшорларына сақтайды деген мәлімдемені алып қарайық. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы (немесе басқа коммуникация арнасы арқылы) жеке деректерді көрсететін осындай тезистің дәлелдерімен жұртшылыққа ұсынылған жағдайда ғана сенімділік туралы айтуға болады. Ондай болмаған жағдайда мәлімдеме сенімсіз, демек, жалған деп есептелуі мүмкін. Белгілі бір адамға қарсы қолданылған болса, басылымның манипуляциялық сипаты анық.
Журналист пен редакцияның және Бұқаралық ақпарат құралдарындағы басқа да әріптестері кезігуі мүмкін өтіріктің түрлерінің типологиясын атап өтейік. Пол Экман тұлға аралық коммуникациялар контекстінде өтірік түрлерін бөліп көрсетті: эмоцияның шынайы себебін жасыру; өтірік түрінде шындықты айту; жартылай шындық және жаңылыс жалтару. Сонымен қатар, ол алдаудың екі белгісі бар екенін атап өтті - ақпараттың жалғандығы (өтірік айтқан адам өзін-өзі байқаусызда сөзінен ұстап береді) және алдаудың бар екендігі туралы ақпарат (өтірікшінің мінез-құлқы оның өтірік айтып тұрғанын көрсетеді).
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы кез келген ақпарат шындыққа немесе керісінше өтірікке айналуы мүмкін. Әлбетте, өтірік пен жалған ақпарат журналистикаға жат ұғым. Егер ол БАҚ саласында кездесіп жатса (ал жалған ақпарат тарату міндетті түрде кездеседі), демек ол жерде шындық нормасы бұзылады.
Журналистиканың ақпарат таратудан басқа да функциялары бар. Мысалы:
1) қоғамды біріктіре алу;
2) белгілі бір мәселелер бойынша қоғамның пікірін билікке жеткізу;
3) қоғамды билік тарапынан басқару;
4) өскелең ұрпақты әлеуметтендіру;
5) ойын-сауық функциясы.
Соңғы үш функцияның болуын ескерсек, алдау, өтірік айту қалыпты жағдайға айналады. Қоғамды басқару, әрине, өтірікті де, қулықты да қажет етеді. Әдеп туралы айтатын ештеңе жоқ. Әлеуметтену мен интеграция да осы ақпараттық әдістердің кейбірінсіз аяқталмайды. Ал ойын-сауық көбінесе өтіріктен құралады.
Бұқаралық ақпарат құралы болу үшін шындықты, яғни болған оқиға туралы шынайы ақпаратты жариялау керек. Ақпаратқа ие болу – биліктің ең күшті көріністерінің бірі. Кеңірек мағынада, әсер етудің құралы. Кім хабардар болса, сол ықпалды болады. Бұқаралық ақпарат құралдары бірдеңені жариялағысы келмегенде үнсіз қалады.
Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының үнсіз қалғаны тікелей қоғам назарында болып жатады. Басқа медиа өкілдері арқылы қауесеттер, болжамдар немесе тіпті нақты ақпарат түрінде болса да, басқа дереккөзге сілтеме жасалған жаңалықтар таралуын тоқтатпайды.
Өтірік айту мен өзгелерді алдау – бір-біріне өте жақын ұғымдар. Кейде өтірікке күдігіміз болса да көз жеткізуге тырыспай жатамыз.
Қоғамды алдау арқылы қолдан ақпарат жасап, оны тарататындар бүтін бір халықты өз уыстарында ұстағысы келеді. Жалған ақпарат таратудағы негізгі мақсат та сол болады.