Журналистика факультетінде жаңа пән енгізілуі мүмкін

Отандық жоғарғы оқу орындарының журналистика факультетінде «Медиа және ақпараттық сауаттылық» жаңа пәні енгізілуі мүмкін. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева елдегі университет басшыларымен өткен онлайн-кездесу кезінде осындай ұсыныс айтты.

Алматы, NEGE. Соңғылары салалық журналистиканы дамыту арқылы студенттердің оқу жылын қысқарту, жұмыс істейтін тілшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ жоғары оқу орындарында жеке телерадио кешендерін көптеп ашу, оқу материалдарын тексеру, студенттерді бастапқы тәжірибеден өткізу, өндірістік тәжірибе санын ұлғайту қажеттігі де сөз болды. Медиасауаттылықты арттыру үшін жыл сайын студенттер арасында «Үміт» шығармашылық байқауын өткізу жоспарланып отыр.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева: "Диплом алып шыққан жас журналистерге тағылатын тағы да бір сын, олардың практикалық тұрғыда дайын болмауы. Яғни жоғары оқу орнында берілетін теориялық білімнің практикамен жалғаспауы. Көп жағдайда жас мамандар практиканы жұмысқа тұрған соң үйренуге мәжбүр. Осы мақсатта министрлік студенттерді мемлекеттік БАҚ-тарда өндірістік тәжірибеден өткізуге дайын" деді.

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты