Журналистердің бейбіт жиындарда жұмыс істеу тәртібі жарияланды

Мәдениет және ақпарат министрлігі журналистердің бейбіт жиындарда жұмыс істеу тәртібінің жобасын жариялады. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Бейбіт жиналыстарда бұқаралық ақпарат құралы үшін хабарламалар мен материалдар жинау, оларды өңдеу және дайындау кезінде журналистің өзімен бірге журналист куәлігі болады», - деп жазылған құжатта.

Сондай-ақ бейбіт жиыннан хабар тарататын журналистердің арнайы айырым белгілерін тағып жүруі керектігі айтылған. Ол белгілер:

— Алдыңғы және артқы жағында «PRESS» деген жазуы бар ашық көк түсті кеудеше;

— Қанық сары түсті, ортасында «PRESS» деген жазуы бар жеңдегі таңғыш;

— Ортасында «PRESS» деген жазуы бар көк түсті жапсырма.

gov.kz

Бейбіт жиын өтіп жатқан елді мекеннің әкімдігі журналист жіберетін сұрау негізінде журналистерді Жедел баспасөз орталығын ұйымдастырады. Бұқаралық ақпарат құралы бейбіт жиналыс өткізілетін күннен бір күн бұрын журналистердің санын көрсете отырып, еркін нысанда сұрау жібереді.

Жедел баспасөз орталығы лентамен қоршалып, электрмен жабдықталып, фото, бейнетүсірілім жасауға, сұхбат алуға жеткілікті жерден белгіленуі керек.

Дегенмен, журналистер арнайы лентамен қоршалған Жедел баспасөз орталығының сыртында да жұмыс істей алатыны айтылған.

Жергілікті әкімдіктер журналистерді Жедел баспасөз орталығына алып баруға, ұйымдастырушылармен және қатысушылармен сұхбат ұйымдастыруға, қауіпсіздік шараларын түсіндіруге міндеттеледі.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр