Журналист-блогер Махамбет Абжан қамауға алынды

Журналист-блогер Махамбет Абжан кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі.

Алматы, NEGE. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БАҚ-та нұқсан келтіретін мәліметтер тарату қаупімен кәсіпкерден аса ірі көлемде ақша қаражатын бопсалаған азамат М. Абжанның қылмыстық әрекетінің жолын кесті. 3 шілдеде жүргізген арнайы операцияның нәтижесінде азамат М. Абжан 50 миллион теңге алғаннан кейін ұсталып, Нұр-Cұлтан қаласының уақытша ұстау орталығына қамауға алынды.

М. Абжанның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы туралы ақпарат тексерілуде», - делінген ресми хабарламада.