Журналист Толқын Тәшімов өмірден өтті

Бүгін, 23 тамызда Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Толқын Тәшімов кенеттен дүниеден озды.

Алматы, NEGE. Қаралы хабарды Толқын Тәшімовтің жақындары жеткізді.

Толқын Тәшімов өмір бойғы жылдарын өзінің сүйікті ісі - журналистикаға арнады. Ол еліміздің ірі басылымдары мен сайттарында еңбек етті, оның ішінде соңғы жылдары "Вечерний Алматы" газетімен үзең қағыстыра жұмыс істеді. Оның журналистік шеберлігі мен шығармашылық жетістіктерін бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы халықаралық және республикалық байқаулардағы көптеген жүлделері дәлел бола алады.

Ол керемет адам, талантты журналист, өз елінің патриоты, адал дос әрі сенімді серік болды.

Әріптестері Толқын Қалдарұлы бойындағы аса белсенділік, объективтілік, іскерлік, мақсатқа қойғыштық, керек кезде жылы сөз бен ақыл-кеңесімен бөлісуге дайын мейірбан достық ілтипаты сияқты қасиеттерін ерекше бағалап, қимастық білдіреді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді