Журналист Михаил Козачковты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Журналист Михаил Козачковты қамауда ұстау мерзімі 18 наурызға дейін ұзарды, - деп хабарлайды Алматы қалалық соты.

Алматы, NEGE. "Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының мәліметінше, 2023 жылғы 30 қаңтарда сот қаулысымен соталды тергеу органының өтінішхаты қанағаттандырылды және К.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін үш айға дейін, яғни 2023 жылғы 18 наурызға дейін ұзартуға санкция берілді", - делінген хабарламада.