Журналист Михаил Козачковқа қатысты үкім шықты

Белгілі журналист Михаил Козачковқа қатысты үкім шықты. Сот оған 3,5 жыл шартты түрде жаза кесті.

Алматы, NEGE. Журналист өткен жылы 18 желтоқсанда ұсталған еді. Оған «мемлекеттік құпияны заңсыз жинап таратты, рейдерлікпен айналысты» деген ауыр айыптар тағылған болатын.

Биыл ақпан айының соңында ол кінәсін мойындап, соттан ауыр жаза кеспеуді сұрады.