Журналист Михаил Козачков екі айға қамауға алынды
Алматының Тергеу соты журналист Михаил Козачковты екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды.
Алматы, NEGE. «Тергеу сотының қаулысымен тергеу органдарының 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни, 2023 жылдың 18 ақпанына дейін», - делінген хабарламада.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.