Журналист Ботагөз Омарова үйқамаққа алынды

Астанада журналист Ботагөз Омарова полицияға шақырылып, кейін сот шешімімен екі айға үйқамаққа алынды.

Үкіметтегі брифингтен скрин

Астана, NEGE. Полиция департаментінің хабарлауынша, Омароваға қатысты «көрінеу жалған ақпарат тарату» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. 20 наурыз күні тергеу аясында ол жауап алу үшін полицияға шақырылған.

21 наурызға қараған түні сот Ботагөз Омарованы екі айға үйқамаққа жіберді. Бұл жөнінде «Құқықтық медиа орталығы» хабарлады.

Ботагөз Омарова «Айтпа, Ботагөз» атты авторлық Telegram-арнасын жүргізеді, онда ол журналистік зерттеулерді де жариялап тұрады.

Қазір оқып жатыр

«Бәріне төрешілер кінәлі емес»: футбол арбитрлері кәсіподақ ашуды қолға алды

Сот Қуандық Бишімбаевтың туысының кассациялық шағымын өзгеріссіз қалдырды

Қазақстанда жұмыс берушілер қызметкерін скринингке жіберуге міндеттелмек

«Қадірлі бауырым»: Тоқаев Ердоғанмен түскен фотосын жариялады