Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру жұмысына жаңа технологиялар енгізіледі

Қазақстанда жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру үдерісіне толықтырылған нақтылықтың (AR) және компьютерлік көрудің (Computer Vision) жаңа технологияларын енгізу жоспарланып отыр. 

gov.kz

Алматы, NEGE. Бұдан басқа, еуропа елдерінің табысты тәжірибесі негізінде емтихандарды қабылдау тәртібі, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу рәсімі қайта қаралатын болады.

«Өткен жылы көлік құралдарын тіркеу саласында 3 млн қызмет көрсетілді. Сатып алу-сату шарттарына электрондық қол қою, мемлекеттік тіркеу белгілерін жедел дайындау, автосақтандыру сияқты іс-шаралар жүргізілді. Біз құжаттарды рәсімдеу жөніндегі мемлекеттік корпорацияның платформасын іске қосуды, биометриялық сәйкестендіру және автокөлік тарихын тексеру сервистерін іске асыруды жоспарлап отырмыз»,

– деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды