«Жүргізуші куәлігін алып беремін» – Семейде алаяқтық жасаған ер адам ұсталды

Семей қалалық полиция басқармасына 39 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтық дерегі бойынша арызбен жүгінді. Оның айтуынша, 2025 жылдың сәуір айында өзін "Дастан" деп таныстырған бейтаныс жігіт сенімге кіріп, алдап, 300 000 теңге көлеміндегі ақшасын иемденіп кеткен.

Полиция

Алматы, NEGE. Күдікті жүргізуші куәлігін жасап беруге көмектесемін деп уәде берген. Алайда ақша алған соң, байланысқа шықпай, уәдесін орындамаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер 28 жастағы Семей қаласының тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Ол кінәсін толық мойындады. Алайда жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын қайтарылған жоқ.

Аталған дерек алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты келу міндеттемесі түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. 


Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды